Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шешесін сабаған Балқаш тұрғыны қамауға алынды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет : Baq.kz4 Қыркүйек 2018, 10:02

Қарағанды облысының Балқаш қаласының тұрғыны мас күйінде анасына қол көтерген. Қаланың мамандандырылған әкімшілік соты анасының денесіне жарақат салған ұлды 15 тәулікке қамауға алу жайлы шешім шығарды, деп xабарлайды Baq.kz.

Балқаш тұрғыны алкогольдік ішімдік ішкен күйінде үйге келіп, анасымен сөзге келісіп қалған. Ащы судың кесірінен туындаған жанжал соңы баласының шешесіне қол көтеруімен аяқталған. Ананы ұрған ұл кінәлі деп танылды.

«Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында анасына қол көтеріп, дене жарақатын салған қала тұрғынына қатысты іс қаралды. Іс Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар жайлы Кодексінің 1-бабы, 73-тармағына сай қозғалған. «Денсаулыққа жеңіл түрде қасақана зақым келтіру» бабына сай жүргізілген іс бойынша анасына қол көтерген қала тұрғыны соттың қаулысымен кінәлі деп табылды», - деп мәлімдеді Балқаш қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Ведомоство мәліметінше, соттың шешімімен қала тұрғынын 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жайлы шешім шығарылған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер