Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Семейлік оқушылар күнделіктерін электронды түрге ауыстыруда

Бүгінде жобаға қала бойынша 31 мектеп қосылып отыр.

Сурет : Stan.kz4 Қыркүйек 2018, 10:35

Биылғы оқу жылынан бастап Семейде «Күнделік.kz» электрондық журналы барлық мектептерде енгізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала мектептері аталған жүйеге 2015-2016 оқу жылынан бері тіркелуді қолға алған. Бүгінде жобаға қала бойынша 31 мектеп қосылып отыр. Нәтижесінде 1218 мұғалім мен 9955 оқушы және 8338 ата-ана электрондық журналға тіркелген.

Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері Татьяна Бессарабованың айтуынша, 2020 жылға дейін барлық мектеп электронды журналға көшеді. Бірыңғай жүйеде оқушының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы барлық ақпарат жинақталады. Ата-ана да қалаған уақытында баласының бағасын онлайн түрде көре алады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамызындағы №536 бұйрығы бойынша орта білім беру мекемелері «Күнделік.kz» жүйесіне қосылуды бастаған болатын. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 2020 жылға дейін барлық мектептерде 100% электрондық журнал енгізілмек. Бұл жүйе ұстаздарды қағазбастылықтан босатады. Ата-аналар үшін оқу қызметінің ашықтығын арттыра түседі», - дейді Татьяна Бессарабова.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер