Жаңалықтар тізбегі
0

Біртанов маса шағып, көз жұмған әйелге қатысты пікір білдірді

alashainasy.k, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2018 19:13 alashainasy.k
Токсикологиялық сараптама жүргізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов маса шаққан соң, ауруханада көз жұмған әйелдің өлімін бақылау ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"№1 қалалық ауруханада әйел адамның көз жұмуы менің бақылауымда. Қазіргі уақытта нақты не болғаны жайлы толық ақпарат бізде бар. Әзірше, «анафилаксиялық шок» деген алдын ала диагноз қойылып отыр. Біздің болжамымыз бойынша, бұл жалпы аллергиялық реакция салдарынан орын алған. Қолданылған дәрі-дәрмек құралдары стандарт бойынша, емдеу диагностикасы хаттамасы бойынша қолданылған. Алайда, осындай асқынулар орын алған", - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, одан әрі де барлық мән-жай құқық қорғау органдарының қатысуымен анықталатын болады.

"Құқық қорғау органдарына тез арада хабар беріліп, олар барлық дәрі-дәрмекті тәркілеген болатын. Токсикологиялық сараптама жүргізіледі, мұның барлығы уақытты қажет етеді», - деді Біртанов.

3 қыркүйекте Мақпал Еспенбетова есімді Астана тұрғыны маса шағып алған соң, елордадағы №1 қалалық аурухана мамандарының көмегіне жүгіну барысында көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Мақпалды үй жағында оның көзінің астыңғы жағын маса шағып алған. Соның салдарынан көзінің асты аздап ісінген. Алайда, ол бұл жайтқа онша мән бермей, қала сыртына демалысқа аттанған. Ертесіне оның көзі қатты ісіп, қыши бастаған. Ол күйеуімен бірге елордадағы №1 қалалық емханаға қаралуға келген. Алайда, кешке қарай дәрігерлер Мақпалдың көз жұмғаны туралы отбасына хабарлаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: