Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да төрт күн бойы иен далада адасқан 5 жасар бала аман-есен табылды

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2018 23:47 altaynews.kz
Бала жоғалған күні түнде ауылдың батыс жағына қарай бес шақырым жерден велосипеді табылған.

29-тамыз күні кешке қарай Күршім ауданы, Сарыөлең ауылында бес жасар Қаршыға есімді бала жоғалды дегенді естігенде ет-жүрегі езілмеген аудан тұрғыны болмағаны рас.Нағашы атасы Гімің мен апасы Нұргүлдің қолында болған кішкентай ұл із-түзсіз кеткенін естіген сарыөлеңдіктер бірден іздеуге кіріседі. Қуанышқа орай,тоқтаусыз іздеу шараларының нәтижесінде төртінші күн дегенде кішкентай Қаршыға «Қомашарбақ» телімі аумағынан аман-сау табылды деп хабарлайды Алтайньюс.

– Жаппай іздеу жұмыстарына бірден АІІБ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №9 суда құтқару бөлімшесі кірісіп, аудан әкімінің м.а. Мамырбек Қалелов, орынбасары Қайрат Әзімбаевтың басшылығымен іздестіру шаралары бірнеше бағытта жүрді.

Кішкентай бүлдіршіннің тағдырына бей-жай қараған жан болмағаны рас. Сондықтан округ орталығына іргелес үш ауыл тұрғындарының барлығы дерлік іздестіру жұмыстарына бір кісідей жұмылды. Көршілес Алғабас ауылының азаматтары да бас қосып, мал баздары мен қыстақтарды қарады. Еріктілер қатарында 28 адам мотоциклмен, 10адам атпен шығып, іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді.

Бала нағашы атасышөп шабатын шабындық жаққа кетті деген болжам болды.

Ауыл ақсақалдары Нұрмолда Райымханұлы мен Мәнап Ахмадиев ауыл жұртшылығын осындай оқыс оқиға кезінде ауызбірлікке шақырып, іздеудегі баланың туғандарын сабырға шақырып, көпшілікке ақыл-кеңестерін беріп отырды-,-дейді Сарыөлең ауылдық округінің әкімі Қуанған Қарағызов.

– Негізгі іздеу жұмыстары бала жоғалған күні түнде ауылдың батыс жағына қарай бес шақырым жерден велосипеді табылған бағытта жүргізілді. Сондай-ақ, кішкентай ұл ауыл маңайындағы каналдарға түсіп кетті ме деген қауіппен су арналарын құтқарушылар жіті сүзгіден өткізді. АІІБ басшысы полиция подполковнигі Қайрат Бытебаевтың қатысуымен іздестіру тобы, №2535 әскери бөлімнен бір топ қызметкерлер де іздеу шараларының басы-қасында болып, жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмысты ауыл тұрғындарымен ұйымдаса атқарды,-дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Бауыржан Оразғалиев.

Бірінші күннен-ақ іздеу жұмыстарына табандылықпен кіріскен бүлдіршіннің туысы, жергілікті мал дәрігері Серікбек Қожырақаев пенТұрысбай Мұхадір есімді азамат бірнеше күн далада адасып, қарны әбден ашып,тоңып қалған баланы тауып алады.

– Сол кездегі жағдайымды сөзбен жеткізу мүмкін емесшығар. Кішкентай жиенімді қол-аяғы бүтін, тірідей тауып алғанымда ағыл-тегіл жылап, тізерлей кетіппін. Бірнеше күн бойы ауа райы да бұзылып, жаңбырлатып, салқындап кеткен еді сол кезде. Үмітіміз бен күдігіміз қатар жүріп, іздеуді жалғастыра берген едік. Үмітімізді үздірмей, қолдау көрсетіп, іздеу жұмыстарына атсалысқан жерлестерімнің барлығына алғыс айтамын. Зайсан ауданы Қаратал ауылына қоныс аударған ауылдасымыз Ахмет бақсының да көрсеткен көмегіне мың да бір алғыс,-дейді тебіренісін жасыра алмаған Қаршығаның нағашысы Серікбек.

2-қыркүйек күні күндізгі сағат 11 мөлшерінде табылған бала бірден жергілікті дәрігерлердің қарамағына беріледі. Түстен кейін аудандық орталық ауруханаға анасымен бірге жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында болған Қаршыға екі күннен соң үйіне шығарылды.

– Ауруханаға түскен кезде баланың бойынан суық тию,жарақат сияқты ешқандай сырқаты анықталмады. Мамандар тек тамақ ішуін қадағалап, денсаулығына бақылау жасады. Жағдайы қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылады,-деді аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ләйлім Шоқаева.

Жиендерімен қайта қауышқан нағашы атасы мен апасы бала табылған күні ауылдағы тойханада мол дастарқан жайып, төрт күн бойы аяқтарынан тік тұрып, бүлдіршіннің тезірек табылуына атсалысқан барша азаматтарға алғыстарын айтып той жасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: