Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Н.Нығматулин: Біздің мақсатымыз – Елбасы жүктеген міндеттерді, сапалы заңдармен қаматамасыз ету

Н.Нығматулин атап өткендей, қазірдің өзінде Парламент қарауында 50-ден астам заң жобасы бар.

Сурет : ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі5 Қыркүйек 2018, 10:48

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясының алғашқы жалпы отырысы басталды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай, Палата Төрағасы 1-қыркүйекте Елбасының осы сессияны ашып, еліміздің даму жоспарына сәйкес, нақты тапсырмалар бергенін алға тарта келіп:

-Біздің енді басты мақсатымыз – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген міндеттерді өз уақытында, сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Соның ішінде, Елбасымыздың жаңа тапсырмаларына сәйкес, әлеуметтік жағдайды одан әрі күшейтуге, экономиканы дамытуға және ұлттық-рухани байлықты сақтауға ерекше көңіл бөлетін боламыз,-деді.

Н.Нығматулин атап өткендей, қазірдің өзінде Парламент қарауында 50-ден астам заң жобасы бар.

Олардың қатарында, «Мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары мәселелері туралы», «Табиғи монополиялар туралы» маңызды заң жобаларымен қатар, денсаулық сақтау, көлік, мемлекеттік сатып алулар, АӨК-ні реттеу, меншік құқығын қорғауды күшейту туралы заңнамалық түзетулер; арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, кинематографияға қатысты құжаттар қамтылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер