Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістан облысында татуластыру орталығы ашылды

Бұл соттың жұмысын жеңілдетіп, ренжіскендерді ретін тауып татуластыратын жоба.

Сурет : Хабар 245 Қыркүйек 2018, 14:14

Бір күн ұрыс болған үйде қырық күн береке болмайды. Түркістан облыстық кәсіподақтар ұйымында татуластыру орталығы ашылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл соттың жұмысын жеңілдетіп, ренжіскендерді ретін тауып татуластыратын жоба. Жаңа орталық азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының, нотариустың, психологтың қызметі бір арнаға тоғысқан бірыңғай алаң. Еңбек жан-жалдарын белсенді шешуге ыңғайлы орында білікті медиаторлар қызмет көрсетеді. Әрі еңбек және өзге де дауларды бітімгершілік жолымен шешуге септігін тигізбек. Орталық елімізде медиация туралы Заңның үстемдігін арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Айталық, биылғы жарты-жылдықта Шымкентте 442 азаматтық іс қаралып, соның тең жартысы медиация көмегімен сотқа жетпей шешілген.

- Қазіргі мемлекеттің сот реформасы жөніндегі саясаттың негізгі бағыттарының бірі сотқа дейінгі дауларды шешу мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы бағыттағы реформаларды жүзеге асыру барысында осындай татуластыру орталықтары шын мәнінде дауларды сотқа жеткізбей, кінәләнә анықтамай отырып, оларды татулыастырып жіберсе, шын мәнінде біздің қоғамымызды дауласу қоғамы емес, татуластыру қоғамы деген қағида орын алады, - дейді облыстық кәсіподақтар ұйымының төрағасы Берік Бекжанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер