Өзбекстанда қайыр тілеген адамдар қатаң жазаланатын болды

altaynews.kz altaynews.kz
Заң жобасын 3 қыркүйекте жарияланған. Талқылау 19 қыркүйекте аяқталады.

Өзбекстанда кәрілер мен мүгедектерге қайыр тілетіп, “заңсыз бизнес” жасағандар жазаланбақ. Елдің құқықтық-нормативтік құжаттарды талқылау порталында аталмыш іске қатысты заң жобасы жарияланған, деп хабарлайды Алтайньюс.

“Әуежайда, вокзалда, парктерде, базарлар мен сауда кешендерінде қайыр сұраған адамдар әкімшілік ескерту жасалып, кейін 360 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Я болмаса бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады” деп жазылған онда.

Заң жобасында кәмелеттік жасқа толмаған балаларды, кәрілерді, мүгедек жандарды қайыр сұрауға итермелегендер 480 сағат қоғамдық жұмысқа жегу не үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасын 3 қыркүйекте жарияланған. Талқылау 19 қыркүйекте аяқталады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз