Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысының тұрғындары 150-ге жуық қаруды ерікті түрде тапсырды

79 адам қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сурет : Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі5 Қыркүйек 2018, 17:31

Облыс аумағында ұйымдастырылған акция аясында тұрғындар атыс қаруларын тәртіп сақшыларына тапсырды. Тегін емес, әрине. Өз мәресіне жеткен акцияда әртүрлі қарудың 147 бірлігі тапсырылған. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Сәуір айының басынан тұрғындардан қаруларды қабылдау-тапсыру және сатып алуды бақылайтын 20 комиссия жұмыс атқарды. Қаруды өз еркімен тапсырғандар үшін 6 миллион теңге өтемақы төленді. Өткізілген қарудың көбі - тегіс ұңғымалы аңшы мылтығы. Дегенмен, арасында сирек кездесетін көне түрлері де бар. Бұл акция жайлы ақпарат өңірлік және аудандық БАҚ-та үнемі жарияланды. Қазіргі таңда полицейлер осы шараны бұдан әрі жалғастыру үшін қосымша 5 миллион теңге қаржы бөлуге сұраныс жолдады»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Талдықорған мен Сарқан қалаларының тұрғындары белсенділік танытып, ерікті түрде 50 жуық мылтық тапсырған. Әсіресе, облыс орталығының бір тұрғыны әр қаруы 200 мың теңгеден астам теңгеге бағаланған 4 қару өткізді.

«Сонымен қатар, бұл акциядан тыс лицензия - рұқсат беру жүйесінің желісі бойынша қару иелерін тексеру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 832 қару иесі әртүрлі бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды. Оларға 20 009 600 теңгеге айыппұл салынды»- деп атап өтті құзырлы ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 79 адам қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Тәркіленген қарулары қайта балқытуға жолданды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер