Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында мемлекетаралық іздеу жариялаған екі шетелдік азамат қолға түсті

Талғарда Хорезм облысының құқық қорғаушылары іздеу жариялаған Өзбекстанның 44 жастағы азаматы ұсталды.

Сурет : Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі6 Қыркүйек 2018, 12:17

Полицейлер соңғы тәулік ішінде өз мемлекетінде қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған Өзбекстан Республикасының қос азаматын Алматы облысының аумағында ұстады. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, екі азамат Өзбекстан тарапы жолдаған бағдарға сәйкес анықталып, Іле және Талғар аудандарында қамауға алынған.

«Талғарда Хорезм облысының құқық қорғаушылары іздеу жариялаған Өзбекстанның 44 жастағы азаматы ұсталды. Сондай-ақ, Іле ауданының аумағында Хива аудандық сотының шешімімен өзбек әріптестеріміз тарапынан іздестірілуші 24 жастағы жігіт қолға түсті. Ұсталған тұлғалар қамауға алынып, қылмыс жасаған орнына экстрадициялауды күтуде»,- деп хабарлады Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полицейлер Алакөл ауданында Қырғыз Республикасының тәртіп сақшылары іздеу жариялаған 34 жастағы отандасымызды шекаралас өзге мемлекетте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғанын атап өтті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер