Жаңалықтар тізбегі
0

Қызыл кітапқа енген өсімдікті жинағаны үшін 40 жасар азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2018 15:22 www.zakon.kz
Қызғылт семізот немесе «алтын тамыр» көптеген емдік қасиеттерге ие, сондықтан медицинада кеңінен пайдаланады.

Алматы облысының полицейлері 40 жастағы Көксу ауданының тұрғынынан сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдік ретінде Қызыл кітапқа енген «алтын тамырды» тәркіледі. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Аталған дерек Балпық би кентінде тіркелді. Тәртіп сақшылары жеке аулалардың бірінен «алтын тамыр» толтырылған 70-тен астам қапты анықтады. Тәркіленген айғақзаттардың жалпы салмағы шамамен 877 келі тартты.

«Қазіргі таңда өсімдіктердің қай жерде жиналғаны анықталуда. Бұл факті бойынша аула иесінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы іс бойынша тағайындалған сараптама ауыл тұрғынан тәркіленген өсімдіктердің «алтын тамыр» немесе ресми атауы «Қызғылт семізот» екенін растауы болмаса жоққа шығаруы тиіс. Дерек расталған жағдайда мемлекетке келтірілген залал белгіленетін болады»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодескінің 339-бабы (Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Айта кетейік, қызғылт семізот немесе «алтын тамыр» көптеген емдік қасиеттерге ие, сондықтан медицинада кеңінен пайдаланады. Аталған тамырды жаппай заңсыз жинағандықтан, өсімдік жыл сайын азайып, оған құрып кету қаупі төнді. Осыған орай, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: