Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Азиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілді

Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 24 олимпиадалық және Олимпиада бағдарламасына енбеген 3 спорт түрінен (джиу джитсу, самбо, кураш) 15 алтын, 17 күміс және 44 медаль иеленіп, жалпы есепте 9-шы орыннан көрінді.

Сурет : www.inform.kz7 Қыркүйек 2018, 09:48

Алматыда 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитенің хабарлауынша, салтанатты шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин қатысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйақы бекітілді. Алтын жүлде иегерлеріне 10 мың, күміс жүлдегерлерге 5 мың, қола медаль иегерлеріне 3АҚШ доллары көлемінде сыйақы тарту етілді.

«Қазақстан спортшылары Джакартадағы жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы есебі 76 медаль жеңіп алды.Құрлық додасында спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, олимпиадалық спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетті. Кейбір үміт еткен спортшыларымыздың үдеден шықпаған сәттері де кездесті. Бірақ бұл - спорт, ең бастысы, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында сәттілік пен жеңіс тілейміз. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттық құрама команда бас бапкерлерінің айлығы екі есеге көбейтіледі. Сонымен қатар, ҰОК спортшылардың Токио Олимпиадасына дайындығын мойнына алып, атлеттер алаңсыз дайындалуы үшін бар жағдайды жасайды», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин.

Спортшылар атынан каратеден Азиада чемпионы атанған Гузалия Ғафурова мен шпагашы Дмитрий Алексанин сөз алды.

«Азия ойындарына қарқынды жаттығу жүргізіп, үлкен дайындықпен аттандық. Сол аралықта бізді қолдаған бапкерлерге, жанкүйерлерге және Ұлттық Олимпиада комитетіне көп рахмет! Азиадада Қазақстанның алғашқы алтынын иеленіп, қалған спортшыларымызға жол ашқаныма қуаныштымын», - деді Алексанин.

Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 24 олимпиадалық және Олимпиада бағдарламасына енбеген 3 спорт түрінен (джиу джитсу, самбо, кураш) 15 алтын, 17 күміс және 44 медаль иеленіп, жалпы есепте 9-шы орыннан көрінді. Атлеттеріміз 24 олимпиадалық спорт түрінен жүлде алды. Азиада тарихында тұңғыш рет шпагада семсерлесуден жекелей сында медальға ие болдық (Д. Алексанин, алтын медаль). Сонымен қатар, есу слаломы (А. Куликов, қола), батутта секіру (П. Әлиев, қола) және маунтинбайктан (К. Казанцев, қола) алғаш рет Азия ойындарынан жүлдеге қол жеткіздік. Ойын бағдарламасына алғаш рет енген дзюдодан командалық аралас сында біздің команда күміс жүлдегер атанды. Сегіз жылдық үзілістен соң жүзуден командалық эстафетада қола медаль иеленіп, көркем гимнастикадан құрлық үздігі атағын қайтарып алдық. Небары 16 жастағы гимнастарымыз Азиаданы бағындырған болатын.

Жалпы алғанда, Азия ойындарында 30 спортшымыз жеңімпаз атанды. 46 спортшы күміс, 66 спортшы қола жүлдегер. Командалық спорт түрлерін қоса есептегенде (142) әрбір үшінші қазақстандық спортшы Азиада медалін жеңіп алды. 17 команда Азиадаға толықтай жаңартылған құраммен қатысты. Айта кету керек, Қазақстан командасындағы спортшылардың басым бөлігі Азия ойындарына алғаш рет қатысып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер