Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

2025 жылға дейін Қазақстанда қанша жол ақылы болмақ

2021 жылға дейін ақылы жолдарды 6,7 мың шақырымға дейін, ал 2025 жылға қарай ақылы жолдар 11,7 мың шақырымға арттыру жоспарланып отыр.

Сурет : today.kz10 Қыркүйек 2018, 11:48

Бүгін «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек республиканың жолдарына ақылы жүйені енгізу және жол-сервистік объектілерді дамыту жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазіргі уақытта Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай автожолдарының учаскелерінде ақы төлеу жүйесін енгізу жұмыстары атқарылып жатыр. Осы жүйе қыркүйек айында тестілік режімде іске қосылмақ", - деді ол.

Оның айтуынша, 2021 жылға дейін ақылы жолдарды 6,7 мың шақырымға дейін, ал 2025 жылға қарай ақылы жолдар 11,7 мың шақырымға арттыру жоспарланып отыр.

Қасымбектің айтуынша, ақылы жүйені енгізу кезінде жол қызметтерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар, IRU Transpark, Google Maps, Yandex Maps цифрлы картасына сервис объектілері туралы ақпараттарды қосу жұмыстары жүргізілуде.

"Сондай-ақ, жол қызметтерін дамытуға жергілікті атқарушы органдарды тартуды күшейту қажет", - деді Ж.Қасымбек.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер