Жаңалықтар тізбегі
0

Әлем жазушылары Қазақстандағы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға атсалыспақ

abai.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2018 21:36 abai.kz
Әдеби форумды “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Алматы әкімдігі ұйымдастырды.

Алматыда жазушылардың І халықаралық форумы басталды. Шараға әлемнің 17 елінен 70-ке жуық жазушы қатысып жатыр, деп хабарлайды abai.kz.

Әдеби форумды “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Алматы әкімдігі ұйымдастырды. “Құбылмалы әлемдегі қазіргі заманғы әдебиеттің рөлі” атты форумға Ұлыбритания, Франция, Түркия, Ресей, Польша, Израиль және тағы басқа елдерден ақын-жазушылар, публицистер, филологтар мен аудармашылар жиналған.

Халықаралық форумның модераторы – Қазақ ПЕН-клубының жетекшісі Бигелді Ғабдуллин әлем жазушыларын Қазақстанда не себепті жинап отырғанын түсіндірді.

- Менің Халықаралық ПЕН-клубты басқарғаныма төрт жылдан асты. Осы қызметке тағайындалған сәттен алдыма орындалуы керек маңызды екі тапсырма қойдым. Олар – жазушылар мен журналистердің құқығын қорғау және қазақ әдебиетін шетелге насихаттау. Әсіресе, ағылшын тілінде дамыту. Себебі, ағылшын әлемінде жоқ жазушының болашағы жоқ. Сондықтан да мен осы мәселені қолға алдым. Әлем тек бізді қазба байлықтарымыз бен қуатты экономикамыз арқылы таниды. Ал біз әдебиетімізді де бүкіл әлемге танытқымыз келеді. Форумды өткізу идеясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасынан туындады,– деді Бигелді Ғабдуллин.

ПЕН-клуб жетекшісінің айтуынша, бүгінге дейін Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Смағұл Ерубай, Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей және Сәкен Жүнісов шығармаларының аудармасы АҚШ-та және Ұлыбританияда жарық көрді.

Әдеби шара аясында “XXI ғасыр мен әдебиет мәселелері” және “Ұлттық әдебиеттің жаһандануы” тақырыбында талқылау отырыстары өтеді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мен қала күнін тойлау аясында басталған форум 3 күнге созылады.

Айта кетейік, Президенттің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында: Егер біз ұлт болғымыз келсе…, онда “Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы мәдениет” жобасын дамытуымыз керек, – делінген еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: