Шетелге шығатын жасөспірімдер үшін төлқұжат міндетті болмақ

studentmedia.kz studentmedia.kz
Жаңа өзгертулер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2019 жылдан бастап шет елге шығатын балаларға арнайы төлқұжаттың болуы міндетті болады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, "Жеке басты куәландыратын құжат туралы" заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатына ата-аналарымен шетелге шыққан 16 жасқа дейінгі балалардың суретімен бірге олар туралы жазба енгізілуі мүмкін.

"Әлемдегі лаңкестік пен экстремизм қаупінің күшеюіне байланысты, көптеген елдер шекараларынан өткізу тәртібін қатайтуға мәжбүр болды. Мемлекеттің шекарасынан өту үшін ата-анасымен бірге елден сыртқа шығатын 16 жасқа дейінгі балалардан Қазақстан Республикасының азаматы (мысалы, Шенген аймағындағы Еуропа елдері, АҚШ, БАӘ және т.б.) екенін растайтын құжаттың болуын міндетті талап ретінде қарастыратын елдердің саны артуда", - деп атап өтті министрлік.

Сондықтан, ҚР ІІМ Қазақстанның азаматтарына өзге елдердің шекараларын оңайлықпен өтуге мүмкіндік жасау үшін ата-аналардың төлқұжаттарына 16 жасқа дейінгі балалардың суреттерін жабыстыруға тыйым салуды қарастыратын заңға өзгеріс енгізеді. Сәйкесінше, балаларға елдің шекарасынан өту үшін жеке төлқұжат жасалуы керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз