Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде халықаралық жазғы мектептің жабылу салтанаты өтті

Жазғы мектепте Венгрияның 2011 жылғы жаңа Конституциясы, 1997 жылғы Польша Конституциясы, 1995 жылғы Қазақстан Конституциясы, сондай-ақ басқа да қатысушы елдердің конституцияларына зерттеу жүргізілді.

Сурет : Zakon.kz11 Қыркүйек 2018, 11:41

Конституция күніне орай, ағымдағы жылдың 27 тамызында басталған жоба Салыстырмалы Конституциялық құқық бойынша Академиялық Алмасудың Германдық Қызметімен (DAAD) бірлесіп жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатысушылар қатарында Қазақстан, Германия, Чехия, Австрия, Қырғызстан, Польша елдерінің өкілдері бар. «Парламент және парламент позициясы», «Мемлекеттік құқық және заң үстемдігі», «Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық құралдары», «Конституция және Конституцияға түзетулер енгізу» сынды тақырыптарды қамтыған мектептің негізгі мақсаты: қатысушы елдердің болашақ «элитасы» - студенттері арасында халықаралық түсіністік орнату, академиялық алмасуды нығайту. Халықаралық жазғы мектептің әріптестері - Гамбург университетінің заң факультеттері, Краковтағы Ягелония университеті, Прагадағы Чарльз университеті, Карл Франценс университеті және Будапешттегі Etvesha Laurana (ELTE) Университеті.

Жазғы мектепте Венгрияның 2011 жылғы жаңа Конституциясы, 1997 жылғы Польша Конституциясы, 1995 жылғы Қазақстан Конституциясы, сондай-ақ басқа да қатысушы елдердің конституцияларына зерттеу жүргізілді. Қатысушы елдердің Конституциялық тарихына шолу жасалып, құқық жүйесінің басты саласы Конституциялық құқық салаларының жасалуы, әрекет етуі мен қалыптасу негіздері салыстырылды, қазіргі қоғамға әсер еткен түрлі тарихи оқиғалар мен дәстүрлер жайлы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтарымыз Ата Заң мерекесіне орай Конституциялық Кеңес пен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсіне шақырту алды. Қонақжай қазақ елінің дәстүрі мен тарихына шолу жасалып, Елорданың бірқатар мәдени орындары таныстырылды. Еуропалықтардың Қазақстанға сапары М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ұйымдастыруымен Бурабайға жасалған экскурсиямен аяқталды.

Дәріс оқыған профессорлар қатарында: Dr.Anna Rataj, PhDr. Veronika Bílková, Dr.Pál Sonnevend, Dr.Dóra Frey сынды заң саласының атақты оқытушылары бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер