Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев бюджет қаржысын игермеген басшыларға «шырылдауық шегіртке» болмауды айтты

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2018 18:22 Baq.kz
Сағынтаев өңір басшыларына атқарылмау себебін анықтап, жұмысын тиісті дәрежеде атқармаған басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жыл басынан бергі 8 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджет қаражатының игерілуі тұрғысында кемшілік жіберген министрлер мен өңір басшыларына ескерту жасады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бірқатар өңірлердің баяндамасын, есебін тыңдадық. Тағы да қосымша уәделерін алдық. Дегенмен, Елбасының тапсырмасы бойынша өсім 4 пайыздан (ЖІӨ көрсеткіші – авт.) төмен болмауы керек. 8 айдың қорытындысы 3,8 пайызды көрсетіп отыр. Тимур Мұратұлының баяндамасында көрсетілгендей, жылдың соңына дейін 4 пайызбен аяқтау үшін біз 4 айдың көлемінде 4,2 пайызбен өсуіміз керек. Жұмыс күрделенді. Белгілі мысалдағыдай жаздай ән салып, шырылдаған шегірткедей күз түскенде дірілдеп, жұмысымыз жүрмей қалып жүрмесін. Негізгі мәселе – тамыз айындағы жұмыстың жүрмеуінде. Орысша айтқанда «расслабились». Сол себептен, Елбасының тапсырмасын орындап, жылды жақсы көрсеткішпен аяқтау керек», - деді Үкімет басшысы.

Сағынтаев осыған байланысты өңір басшыларына атқарылмау себебін анықтап, жұмысын тиісті дәрежеде атқармаған басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.

«Қабылданған шаралар мен тәртіптік жазалар туралы ақпарат бір аптаның ішінде Премьер-министр кеңсесіне тапсырылатын болсын. Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен Премьер-министрдің кеңсесімен біріге отырып, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, «Атамекенмен» бірлесе отырып, селекторлық кеңес өткізуді тапсырамын», - деді Премьер-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: