Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Головкин 21 ғасырдың ең мықты боксшылары рейтингінде екінші орында

Рейтингте бірінші орта салмақтағы бұрынғы абсолют чемпионы Бернард Хопкинс тұр.

Сурет : Хабар 2412 Қыркүйек 2018, 12:38

Рейтинг орта салмақ бойынша жасалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN арнасының тілшісі Найджел Коллинз WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварес қарымтасы алдында орта салмақта ХХІ ғасырдың үздік он боксшысының тізімін ұсынды.

Рейтингте бірінші орта салмақтағы бұрынғы абсолют чемпионы Бернард Хопкинс тұр. Одан кейін Головкин, ал Альварес үшінші орынды тізгіндеген.

Сонымен қатар, ТОП-10 тізіміне кіргендер:

4. Серхио Мартинес (Аргентина)

5. Келли Павлик (АҚШ)

6. Джермейн Тэйлор (АҚШ)

7. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)

8. Билли Джо Сондерс (Ұлыбритания)

9. Артур Абрахам (Германия)

10. Джермалл Чарло (АҚШ)

Головкин бұл дивизиондағы соққыларын ең дәл ұратын боксшы. Осылайша, бір раундта оның 25 соққысы дөп тиеді, ал өзіне қарсыластарының 12,2 соққысын өткізіп алады екен.

Оның үстіне Головкиннің есімі орта салмақ тарихындағы үздік нокаутшы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына кірген болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер