Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Атамекен Атамекен
Жаңа әкім Еркебұлан Баяхметов болды.

Ақмола облысы, Степогорск қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жаңа әкім Еркебұлан Баяхметов болды. Бұған дейін ол Ақмола облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры қызметін атқарған.

Еркебұлан Баяхметов осы жылдың тамыз айында Павлодар қаласының әкімі болып сайланған Әнуар Құмпекеевтің орнына келді.

Еркебұлан Баяхметов 1972 жылы Көкшетау облысы Володарс ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келді. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Әр жылдары Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жою жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Петропавловск қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, «Қазтеміртранс» АҚ-да жұмыс істеген.

ӨКП директоры қызметіне тағайындалғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облыстық өңірлік филиалын басқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз