Жолаушыны жүксалғышта тасымалдаған автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

www.inform.kz www.inform.kz
Оқиға 16 қыркүйек күні орын алған.

Ақмола облысында жолаушыны жүксалғышта тасымалдаған автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Ер адамға 15 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні орын алған. Оны «Рубеж - Бурабай» қоршау жүйесі стационарлық бекетінде жол-патруль полициясы батальонының қызметкерлері анықтаған. Жол қозғалысын бақылап жүрген полиция қызметкерлері сағат 10:00 шамасында Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Kaessbohrer» автобусын тоқтатқан.

«Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде тəртіп сақшылары жолаушылар көлігінің жүксалғышы жатын орын ретінде жабдықталғанын жəне онда бір жолаушының болғанын анықтады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Осыған байланысты жүргізушінің үстінен ҚР ƏҚБК 590-бабының 7-бөлігі бойынша əкімшілік хаттама толтырылды.

Аталмыш санкция бойынша көлік жүргізушісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз