Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

pia.ge pia.ge
Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел тұрады, кей жерде екпіні 23-28 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында кей жерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз