Вьетнам президенті дүниеден озды

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
Чан Дай Куанг елді 2016 жылдан бері басқарып келді, ол ауруханада қайтыс болды.

Вьетнам бұқаралық ақпарат құралдары 21 қыркүйек күні таңертең ел президенті Чан Дай Куанг дүние салғанын хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Вьетнам президенті ауруханада таңғы онның кезінде қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости VNA агенттігіне сілтеме жасап.

Медициналық мекеме Чан Дай Куангке қандай диагноз қойылғанын және неден көз жұмғанын әзірге БАҚ-қа мәлімдеген жоқ.

Чан Дай Куанг 1956 жылы 12 қазанда Вьетнамның солтүстігіндегі Ниньбинь провинциясында дүниеге келген. Қызметтік карьерасын Ішкі істер министрлігінде бастады, кейіннен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіне ауысты. 2016 жылы ел президенті болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз