Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар Университеті шетелдің беделді оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты

Қыздар Университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2018 20:26 Қыздар Университеті
Қыздар Университетіне арнайы іс-сапар барысында қытайлық делегация өкілдері қазақстандық оқу орнының ұжымымен кездесіп, өзара ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясындағы жоғары оқу орындары білім беру, ғылыми және мәдени байланыстар бойынша өзара ынтымақтастық орнатуға уағдаласты. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қыздар Университетіне арнайы іс-сапар барысында қытайлық делегация өкілдері қазақстандық оқу орнының ұжымымен кездесіп, өзара ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады. Жиынды Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Лаззат Булебаева ашып, жүргізіп отырды.

«Алдына қазіргі уақыт талабына толық жауап бере алатын педагог кадрларды даярлауды мақсат етіп қойған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өзінің қызметін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізеді. Университеттің 6 факультетіндегі 27 кафедра 42 бакалавр мамандығы, 23 магистратура мамандығы және 4 PhD докторантура мамандығы бойынша мұғалімдер дайындайды. Сонымен қатар, сырттай оқу бөлімінің студенттері 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып, білім алады. Бүгінде оқу орнында жалпы саны 7 мыңға жуық студент, магистранттар мен докторанттар оқиды. Оларға 55 ғылым докторы, 230-дан астам ғылым кандидаты мен 90-ға жуық PhD докторы мен ғылым магистрі дәріс береді. Университеттің 30 ұстазы «Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Биыл Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне бакалавриаттың 43 мамандығы бойынша 2 мыңға жуық студент, магистратураның 23 мамандығы бойынша 241 магистрант пен докторантураның 4 мамандығы бойынша 30 докторант қабылданды. Бірінші курс студенттерінің 41-і – «Алтын белгі», 44-і – «Үздік аттестат» иегері болса, 13-і – «Үздік диплом» иегері. Олардың 593-і мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқиды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48 грантқа көп. Мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі педагогикалық мамандықтарды құрайды», - деп атап өтті Ляззат Булебаева.

Оның айтуынша, бүгінде Қыздар Университеті әлемнің 30-дан астам жоғары оқу орнымен әріптестік байланыс орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Үндістан, Франция, Қытай, Германия, Түркия, Малайзия сынды мемлекеттердің беделді университеттері бар.

Ал, қытайлық делагация тарапынан Хубей провинциясының Білім беру департаменті директорының орынбасары Жанг Жин Юань мен Хубей университетінің Халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары Ху Шау Янь сөз сөйлеп, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, жиында тараптар бакалавр, магистранттар мен PhD докторанттар алмасуды, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өту үшін оқытушылар және зерттеушілермен алмасу, университет өкілдерін дәріс оқуға шақыру, оқытушыларды тарту арқылы бірлесіп ғылыми-зерттеулер ұйымдастыру, бакалавриат пен магистратура деңгейінде қос дипломды білім беру бағдарламасын дайындау және жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлау сынды мәселелерді талқылады.

Басқосу соңы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Хубей университетінде оқып жүрген студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Сапардың екінші бөлімінде шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері «Ақтұмар» музейінде болып, университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: