Ақтөбелік әжеймен суретке түспек болған Төреғалидің басы дауға қалды

stan.kz stan.kz
“Шаруам жоқ” деп әндеткен Төреғалидің ешкімде шаруасы жоқ.

Павлодардағы оқиғадан кейін басы дауға қалған Төреғалидің басынан өткен жайсыз жайт жалғыз бұл емес. Әр аймақта өнер иесінің аяғынан шалғысы келіп тұратындар көбейген сыңайлы. Бұл жолы Ақтөбеге сапарлатып барған Төреш кімге өкпелі? Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Шаруам жоқ” деп әндеткен Төреғалидің ешкімде шаруасы жоқ. Бірақ ән кеші жиі шуға ұласады. Ұлы дала баласы халықпен қауышқан ән кештерінде келеңсіз оқиғаға жиі тап болады екен. Жайсыз жағдайлардың бірі Ақтөбеде де болған.

“Ақтөбенің сахнасы биік. Апа келді де, суретке түсе қояйын деді. Былай отырсам келмейді. Отырсам басым бұтымның арасына кіріп жатыр. Болмаған соң жантайып жаттым. Сөйтіп апаны құшақтап, сахнаға жаттым. Төреғали Ақтөбеге келіп, сахнаға жатты дегенді шығарған ғой. Ал апа қайда қалды, суретке түсу қайда қалды сонда?” – деп ашынды хитмен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз