Әділет министрлігінде біраз былықтың беті ашылды

sputniknews.kz sputniknews.kz
Өңірлерде анықтама, мүлікті тіркеу, азаматты әскерден алып қалу, кәсіппен айналысуға рұқсат, сот сараптамасы үшін 20 мың теңгеден бастап 3 миллионға дейін талап етеді.

Мемлекеттік қызмет түрлерін саудаға салған! Әділет министрлігіндегілердің азаматтарға заңсыз анықтама, лицензия, сертификатты сатқаны әшкере болды. Бұл туралы zakon.kz, КТК телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері шенеуніктердің, әсіресе, қандай құжаттар үшін жиі пара алатынын жария етті.

Олжас Бектенов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары: - Астана қаласы департаментінде, оңтүстікте өкінішке орай осындай фактілер бар. Көбісі мемлекеттік қызмет көрсету саласында кемшіліктер болады, орын алады.

Мәселен, Елордадағы Әділет департаменті басшысының орынбасары мен басқарма басшысы «Астана қалалық жарық» компаниясының бұғатталған шотын ашып беру үшін 22 миллион теңге пара сұраған. Астаналық шенеуніктер 12 жылға бас бостандығынан айырылады немесе әрқайсы 770 миллион теңгеден айыппұл төлеуі мүмкін.

Ауызбастырық алудан аймақтар да қалыспайды. Өңірлерде анықтама, мүлікті тіркеу, азаматты әскерден алып қалу, кәсіппен айналысуға рұқсат, сот сараптамасы үшін 20 мың теңгеден бастап 3 миллионға дейін талап етеді.

Егер тұрғындар шенеуніктің пара дәметіп тұрғанын бірден түсіне қоймаса, қажеті жоқ құжаттар сұрап адамды сандалтып қояды екен.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз