Қазақстанда неміс жемірілуге қарсы технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

Merus Merus
Merus құрылғыларын орнату және сынамақтан өткізу бойынша пилоттық жоба Астана қаласы әкімдігінің, «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы мен «Астана Су Арнасы» МКК-нің қолдауымен жүзеге асырылатын болады.

Жақын арада неміс Merus компаниясы Қазақстан Республикасындағы жабдықтарды сынамалық пайдалануды бастайды.

Бұл туралы компанияның Қазақстандағы өкілдігі және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ҚазОрталығы» АҚ) келісімге келді. Жасалған шартқа сәйкес, тараптар жылу құбырларын нығайтуға және пайдалану мерзімін ұзартуға арналған арнайы құрылғыларды орнату және сынамақтан өткізу бойынша бірқатар шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.

Германиядан келген өкілдердің айтуынша, Merus технологиясын көптеген жылдар бойы қолдану тәжірибесі жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылған кезде олардың жоғары тиімділігін көрсетті. Құбырдың айналасында орнатылған арнайы сақина құбырлардан және тиісті жабдықтан қақ, тот пен бактерияларды алып тастайтын молекулалық тербелістерді құрайды. Жойылған бөлшектер құбырлардан жуылады, жүйенің бастапқы жоғары өнімділік сипаттамаларын қалпына келтіреді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл технология үйлер мен ғимараттардың жылыту және күтіп ұстау шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жақын арада Merus өзінің жабдықтарын Астана қаласында 6 айдың ішінде пилоттық пайдалану үшін жеткізеді және орнатады. Осы кезеңде мамандандырылған зертханалар сынақ пайдалану нәтижелерінің техникалық және зияткерлік зерттеулерін жүргізеді.

Merus құрылғыларын орнату және сынамақтан өткізу бойынша пилоттық жоба Астана қаласы әкімдігінің, «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы мен «Астана Су Арнасы» МКК-нің қолдауымен жүзеге асырылатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз