Нұрлан Батыров: Байзақованың кімнен жүкті екенін білемін

stan.kz stan.kz
Алайда ол туралы ауыз ашуға құлықсыз.

Instagram жұлдызы Айжан Байзақова жүкті екенін мәлімдеп, желіні дүр сілкіндірген еді. Көпшілік атышулы бикештің бұл сөзіне сене қоймады. Айжан “хайп” үшін бәріне дайын деп топшылады желі қолданушылары деп жазады stan.kz.

Алайда әріптестері Байзақованың расымен де ана атануға дайындалып жүргенін растап отыр.

Мәселен, Нұрлан Батыров НТК арнасының берген сұхбатында Байзақованың кімнен жүкті екенін білетінін айтты. Алайда ол туралы ауыз ашуға құлықсыз. Себебі біреудің жеке өміріне қатысты ақпаратты жария етуге құқығым жоқ, деген пікірді ұстанады ол.

“Айжан екеуміз фототүсірілім жасау керек едік. Мен оған күн сайын хабарласып, жазып тұрдым. Ол жауап бермеді. Кейіннен жағдайды түсіндірді. “Нұрлан, жүктіліктің 8-ші айындамын, сондықтан жауап бере алмаймын”, деді”, – деп ағынан жарылды вайнер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз