Қызылжарда аққуларды атқан Астана тұрғыны ұсталды

nur.akamaized.net nur.akamaized.net
Көліктен 3 сұңқылдақ аққу табылған.

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют қаласында тұратын досының үйіне қонаққа келген Астнана тұрғыны аққуларға заңсыз аңшылық жасаған. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Мамлют қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында көшелерді аралап жүрген полиция инспекторы Александр Рогачев елді-мекеннің сыртында атылған мылтық дыбысын естиді. Тәртіп сақшысы бірден аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне хабарласып, ауданның шыға берістегі жолына патрульдік полицейлерді жіберген.

Мылтық атылған жерге жедел жеткен полиция инспекторы күдік тудырған Nissan автокөлігін тоқтатқан. Тінту барысында көліктің ішінен аңшы мылтығы табылған.

«Текере келе, күдіктінің Астана қаласының тұрғыны екендігі анықталды. 1987 жылы туылған. Ол Мамлют қаласында тұратын досына қонаққа келген. ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігі «Заңсыз аңшылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді Мамлют аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры Серік Әлжанов.

«Мен аңшылыққа құмармын. Көлде жүзіп жүрген құстарды көріп, қызығып кеттім. Өзімді ұстай алмай қалдым», - деп ақталмақ болды күдікті.

Көліктен 3 сұңқылдақ аққу табылған. Қасиетті құстың киесінен қорықпаған аңшы заң алдында жауап береді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз