Алматыда Храпуновтар ісіне қатысты сот процесі аяқталды

today.kz today.kz
Шетелде бой тасалап жүрген ерлі-зайыпты Храпуновтар мен оның сыйбайластары ретінде айыпталғандарға қатысты сот процесі шілде айының аяғында басталды.

Алматыда атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін Храпуновтар отбасы мен олардың сыбайластары сот алдындағы соңғы сөздерін айтты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Сот басты фигуранттардың – Виктор Храпунов пен Лейла Храпунованың қатысуынсыз өтіп жатқаны мәлім. Ал қылмыстық іске қатысы бар деген өзге айыпталушылар өз кінәларын мойындағанын, барлық әрекеттер қаланың экс-басшысы Виктор Храпуновтың нұсқауымен орындалғанын тағы мәлімдеді. Енді судьядан мерзімі өтіп кеткендіктен, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

«Мен өз кінәмді толығымен мойындаймын. Сот отырысы барысында айтылған эпизодтар бойынша барлық әрекетті экс-әкім Виктор Храпуновтың нұсқауымен орындадым. Оның ішінде, жерді пайдалануға қатысты мәселелер де бар. Бұл тұрғыда көптеген мәселе қаралды. Қателіктер де жіберілді», – деді Алматы қаласы экс-әкімінің бұрынғы орынбасары Яков Заяц.

Прокурор бұған дейін өткен сот отырысында Виктор Храпуновты 20 жыл бас бостандығынан айыру жаза тағайындауды сұраған. Ал жары Лейла Храпунованы 17 жылға, ұлы Айяр Ілиясовты 8 жылға түрмеге қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Шетелде бой тасалап жүрген ерлі-зайыпты Храпуновтар мен оның сыйбайластары ретінде айыпталғандарға қатысты сот процесі шілде айының аяғында басталды. Бұл қылмыстық іс бойынша 212 куәгер тыңдалуда. Іс материалдары 400 томнан тұрады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз