Алматыда Алаш қайраткерлері азапталған ғимаратқа қатысты дау туды

zhasalash.kz zhasalash.kz
Іргетасы өткен ғасырдың отызыншы жылдары қаланған «НКВД үйі» репрессияға ұшыраған қазақстандықтарды тергеп, кінәлі деп танығандарын атқан жер.

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бұрынғы мұражай қонақ үйге айнала ма?! Кезінде НКВД-ның кеңсесі болған ғимараттың жаңа қожайындары құрылыс жұмыстарын бастады. Алаш арыстары тергеліп, сосын атылған жерді мемлекет меншігіне қайтаруды сұраған бір топ қоғам белсенділері бүгін осы маңға жиналды. Олар тарихи ғимаратты коммерциялық мақсатқа пайдалану- өткенге жасалған қиянат деп есептейді. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Ришат Асқарбекұлы, тілші: Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайдың орны қонақ үйге айналмауы керек. Қауымдастық өкілдері тарихи ғимаратты сақтап қалу үшін қарсылық акциясына шықты. Олардың қатарында тарихшылар, Алаш зиялыларының ұрпақтары мен қала тұрғындары бар.

Іргетасы өткен ғасырдың отызыншы жылдары қаланған «НКВД үйі» репрессияға ұшыраған қазақстандықтарды тергеп, кінәлі деп танығандарын атқан жер. Жертөлесі тергеу абақтысы болып, Алаш қайраткерлеріне қатысты үкім осы жерде шығарылған.

Саят Жансүгіров, Ілияс Жансүгіровтің баласы: Қамалған осы жерге. Үш айдай жатты әкем. Ілекең осы жерде жатқанда анам менің інім Болатты туған. Осында жатқанда соны көтеріп әкеліп, осы ғимаратта көрсеткен еді.

Бұрынғы ішкі істер халық комиссариатының ғимаратына қатысты тартыс ертеректе басталған. Президенттің пәрменімен 2003 жылы бұл жерден «саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған мұражай ашылған еді. Бірақ, 2005 жылы алып ғимарат жекешелендірілген. Содан бері қолдан қолға өткен нысанның жаңа иелері бұл жерді қоршап, құрылысты бастап кеткен.

Жұмабек Ашуұлы, Қазақстан репрессия құрбандары қауымдастығының төрағасы: Қазақ тарихында ерекше орын алатын мына ғимарат қазақтың басына түскен зобалаң-зұлматтың ордасы болған жер. Бұл ғимарат 1934 жылы салынған, содан бері қазақтың зиялылар, қаймақтары , тек қазақ емес, осындағы барлық ұлттың өкілдері осы жерде азапталып, атылған, қандары төгілген жер. Бұл ұрпақ үшін керек, міндетті түрде мемлекет қарамағына қайтарылуы керек.

«Сұр ғимарат» атап кеткен нысанның жаңа иелері құрылыстың басталғанын растады. Мұнда қонақ үйі емес, жалға берілетін жеке кеңселер салынатынан айтады.

Виталий Яблонский, «МАК-СЕРВИС ЛТД» ЖШС директорының орынбасары: Мұнда қонақ үй болмайды, әкімшілік ғимарат саламыз. Ол жерді бұрын да сондай мақсатта пайдаланылып отырған болатынбыз. Ол жерде жеке кеңселер болады. Ал, мұражай туралы сұрақты әкімдікке қойыңыздар. Ол туралы ештеңе айта алмаймын.

Ришат Асқарбекұлы, тілші: Мұражайдағы экспонаттар мен құнды дүниелер ғимараттағы бір бөлмеде жиналып келген. Құрылсшылар кеше бұл мүліктерді сыртқа шығарып тастапты. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының» қауымдастығы сотқа жүгініп, «НКВД үйінің» тарихи ғимарат екенін дәлелдемек.

Р. Асқарбекұлы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз