Павлодар облысында саңырауқұлақ теріп жүрген балықшы жоғалып кетті

www.pavlodarnews.kz www.pavlodarnews.kz
Оқиға орнына жедел түрде құрамында Павлодар облысы ТЖД-нің үш қызметкері бар топ шықты.

Ленин кентінде Ертіс өзенінің жайылмасында саңырауқұлақ теруге шыққан балықшы жоғалып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 2 қазанға қараған түні сағат 00.05-де «112» пультіне Павлодар қаласының маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел түрде құрамында Павлодар облысы ТЖД-нің үш қызметкері бар топ шықты. Олар жайылманың әрбір шаршы метрін тексеріп шықты, - дейді департаментте.

Құтқарушылар сағат 01.42-де келіп түскен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1957 жылы туған ер адамды ұялы телефоны арқылы анықтады.

Медициналық көмектен бас тартқан азаматты құтқарушылар туған-туыстарына тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз