Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жамбылда 92 келі есірткі тәркіленді

Белгілі болғандай, ұсталған азамат 2008 жылы ҚР ҚК 259-бабының 1-1-бөлімі бойынша сотты болған.

Сурет : Baq.kz4 Қазан 2018, 17:36

Жамбыл облысында 27 жастағы азаматты тінту барысында 92 келі «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сәлтеме жасап.

«2018 жылдың екінші қазанында «Көкнәр-2018» атты ауқымды жедел іздестіру іс-шарасы барысында жедел ақпарттың негізінде «Шу – Қордай» тас жолының бойынан Көкқайнар ауылында орналасқан жылжымалы бекетті айналып өтпекші болған 53 жасар Қордай ауданының тұрғыны басқаруындағы «Фольсваген вента» автокөлігі тоқтатылды. Аталған көлікті тінту кезінде Қордай ауданының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, жалпы салмағы 92 кг «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат 2008 жылы ҚР ҚК 259-бабының 1-1-бөлімі бойынша сотты болған.

«Күдкті азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 297-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын алу тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер