Жаңалықтар тізбегі
0

Республикалық «Парасатты полицей» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 21:49 Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі
Үздік команда атану үшін 21 команда өз бақтарын сынаған болатын.

Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес «Парасатты полицей» республикалық байқауына қатысушы тәртіп сақшылары байқаудың соңғы күнін қызмет барысында қаза тапқан әріптестеріне арнап орнатылған обелисске гүл шоқтарын қойып, үнсіздік жариялап, олардың естен кетпес ерлігі алдында тағзым етуден бастады деп жазады zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 21:49

«Екі күн бойы Жетісу жерін ән-күйімен тәнті еткен полицейлердің өнерін бағалаған қазылар алқасы байқаудың бас жүлдесін Солтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің «15-ші өңір» командасына табыстады. Конкурста І орын Шымкент қаласына бұйырса, ІІ орынды Маңғыстау және Қостанай облыстарынан келген қос команда өзара бөлісті. Жүлделі ІІІ орынға Қызылорда және Ақмола облыстары мен Көліктегі Ішкі істер департаментінің командалары ие болды. Ақтөбе облысының «Серт береміз!» командасы «Ұйымшыл команда» номинациясын жеңіп алса, Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының командасы өздерінің өнерлі екенін дәлелдеді. «Үздік сахналық көрініс» номинациясы атыраулықтардың қанжығасына байланды. Қазылар алқасы «Көркемсөз шебері» атағына Қарағанды облысының тәртіп сақшыларын лайық деп тапты. Еліміздің шығысының намысын қорғаған «Алтын Алтай» командасы «Көрермендердің көзайымына» айналса, «Тілі басқа, тілегі бір» номинациясын батыстың полицейлері жеңіп алды»,- деп хабарлайды облыстық полицияның Баспасөз қызметі.

Республикалық іс-шараның жабылу салтанатында сөз алған ҚР Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов барлық қатысушыларды құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 21:49

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Жетісу жеріне еліміздің барлық өңірінен ішкі істер органдарының қызметкерлері жиналып, еліміздің «парасатты полицей» командасын анықтайтын байқауда өнер көрсетіп жатқаны туралы хабарлағанбыз.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тілге деген құрметті арттыру мақсатында 9 жыл қатарынан өткізіліп отырған «Парасатты полицей» республикалық іс-шарасы 3 – 5 қазанда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында өткізілді. Үздік команда атану үшін 21 команда өз бақтарын сынаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: