Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Нұрлан Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасының төрағасымен келіссөздер жүргізді

Кездесу барысында тараптар осы сұхбат алаңының маңыздылығын және әр жиын сайын қатысушы елдер мен адамдар санының артып келе жатқанын атап өтті.

Сурет : parlam.kz8 Қазан 2018, 10:35

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысы аясында Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Анталияда (Түркия) «Экономикалық ынтымақтастық, қоршаған орта және Еуразиядағы орнықты даму» тақырыбына арналған форум басталды.

Кездесу барысында тараптар осы сұхбат алаңының маңыздылығын және әр жиын сайын қатысушы елдер мен адамдар санының артып келе жатқанын атап өтті. Биыл форумға әлемнің 40 елі мен 5 халықаралық ұйым қатысуда.

Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің достық және өзара іс-қимылына негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатына тоқталды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл екі ел президенттерінің келісімдерін заңнамалық тұрғыдан қолдайтын қос мемлекет парламентінің жұмысына серпін береді.

Нұрлан Нығматулин мен Вячеслав Володин Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысына ұсынылған тақырыптың өзектілігіне назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей бірыңғай экономикалық кеңістікте орналасқанын алға тарта отырып, экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің маңыздылығын да атап өтті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер