Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ресей Федерациясы іздеу салған 6 адам екі күн ішінде Алматы облысының аумағында ұсталды

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтарға қатысты іс туралы толық мәліметті көрші мемлекеттерден күтуде.

Сурет : www.zakon.kz8 Қазан 2018, 17:50

Алматы облысының тәртіп сақшылары облыс аумағында жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында екі күн ішінде Ресей Федерациясы аумағында қылмыс жасады деген күдікпен шекарааалық іздеу жарияланған 6 тұлғаны ұстады,- деп хабарлайды облыстық полицияның Баспасөз қызметі.

«ТМД аумағында өткізілген «ІЗДЕУ» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қылмыс жасап, жазадан жалтарған күдікті тұлғалардың орнын анықтау жұмыстары жүргізілді. Екі күн ішінде көршілес ресейлік әріптестеріміз іздеу жариялаған 6 адамның нақты орны анықталды. Оларға Новосибирск, Челябинск, Омск облыстарының және Башқұртстан Республикасы тарапынан іздеу жарияланған»,- деді аға жедел уәкіл полиция подполковнигі Ж. Саурықов.

Сондай-ақ, облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, іс-шара барысында тәртіп сақшылары Өзбекстан полициясы іздеу салған бір азаматшаны ұстаған.

Бағдар бойынша ұсталғандардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтарға қатысты іс туралы толық мәліметті көрші мемлекеттерден күтуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер