Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Елбасы жолдауы кәсіподақтар тарапынан қолдау тапты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 02:41 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауындағы басым бағыттар сөз болды.

Шымкентте Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен өкілдері қатысқан жиын өтті. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауындағы басым бағыттар сөз болды.

Түркістан облысы кәсіподақтарының төрағасы Берік Бекжанов «Жолдауда әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену жолындағы міндеттер жүктелген. Еңбек адамының мүддесі қорғалып, жұмысшылардың тұрмыс деңгейін жақсарту негізге алынған. Ең төменгі жалақы көлемінің ұлғаюы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысының өсуі жұртшылықты қуантып жатыр. Кәсіподақтар да Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайды және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосады» деді.

Сонымен қатар, жиында төраға орынбасары Серік Әуесханов баяндама жасаса, кәсіподақ саласының ардагері, “Халықтар достығы” және “Құрмет” ордендерінің иегері Досыбай Шерімқұлов және өзге де азаматтар жарысөзге шығып, ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

Алдағы уақытта Жолдаудағы басым бағыттар әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарында насихатталып қана қоймай, оны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар да қолға алынбақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 02:41, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 02:41, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 02:41, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 02:41, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 02:41

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: