Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Тар жолға тротуар салудың қажеті не?

Тұрғындарды құрылыс аяқталғаннан кейінгі жағдай алаңдатады.

Сурет : otyrar.kz9 Қазан 2018, 09:40

«Тар жолға тротуар қажет емес». Арнамызға шағым айта келген Шымкенттегі «Самал-1» шағынауданының тұрғындары осылай дейді. Жергілікті халық «құрылысқа кірісу үшін алдымен «қызыл сызыққа» түскен нысандардың мәселесін шешіп алу қажет еді» дейді. Ал жол саласының мамандары рұқсат етілмеген жерлерге құрылыс жүргізгендердің проблемасын шешуге қауқарсызбыз деп отыр деп хабарлайды отырар.кз.

Ерке Айдар, «Самал 1» шағынауданының тұрғыны: «Самал» базарының артындағы көшелер тым тар, көлік көп, жаяу жүргінші жүретін жол жоқ. Қауіпті. Бұл әрі орталық көше. «Шұғыла» шағынауданының тұрғындарының барлығы да орталық болғандықтан осы көшемен жүреді. Әсіресе мектеп оқушыларына аса қауіпті. Көше тым тар, тротуар салмақ түгілі екі көлік әзер сыяды. Жолдың екі жағындағы тұрғындар көшенің біраз бөлігін жаулап алған. Әкімшілікке де айттық, бірақ ешқандай көмек болмай тұр».

Тұрғындарды құрылыс аяқталғаннан кейінгі жағдай алаңдатады. Егер аяқ жол жобадағыдай салынатын болса, онсыз да тар «Қазына» көшесі тіпті тарыла түспек.

Бұл көше екі шағынауданды байланыстырып тұр. «Арлы-берлі ағылған көлік тығыны да күннен күнге ұлғайып келеді» дейді тұрғындар. Бұл аумақта көбіне мектеп оқушыларының жүретінін жеткізген тұрғындар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі ескерілмеген деп отыр. Оған белгіленбеген жерлерге түрлі құрылыс нысандарын салып алған көршілер кінәлі дейді. Тіпті жаяу жүргіншілерді көлік соғып кеткен оқиғалар да тіптен жиілеп кеткен.

Ал жол саласының мамандары бұл проблемаларды шешу біздің құзырымызға жатпайды дейді. Десе де «қызыл сызықтағы» түйіткілдер шешілмей жатып, құрылыстың нобайы жасалып қойыпты.

Кайрат Баймендиев, Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы: «Самал» базарының артқы жағындағы көшелер тым тар, кейбірі «қызыл сызыққа» өтіп кеткен. Оларды бұзу біздің құзырымызға жатпайды. Сондықтан да біз қалалық сәулет басқармасына және жер қатынастары басқармасына хат жаздық. Тұрғындардың арызынан кейін хат жолдағанымызға бір ай уақыт өтті».

Жауаптылардың сөзіне қарағанда тұрғындардың қарсылығына қарамастан бірер айда жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігі салынатын болады. Сала өкілдері қазір жол құрылысын тежеп тұрған түйіткілді шешу үшін сәулетшілермен бірлесіп әрекет етудеміз деп сендірді.

Мақпал Рысбаева


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер