Данэлия Төлешова қазақша әнге бейнебаян түсірді

Stan.kz Stan.kz
Тың туынды “Өзіңе сен” деп аталады. Бұл – Данэлияның репертуарындағы екінші әнбаян.

Украинада өткен “Голос.Дети” байқауының жеңімпазы, жас әнші Данэлия Төлешова шығармашылығындағы жаңалығымен қуантты. Ол қазақша-ағылшынша әнге түсірген бейнебаянын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тың туынды “Өзіңе сен” деп аталады. Бұл – Данэлияның репертуарындағы екінші әнбаян.

Трек қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған. Бір қызығы, қазақ тіліндегі ән мәтінінің авторы Данэлияның өзі екен. Ол әннің сөзін Камила Даировамен бірлесіп жазған. Ал туындының сазы мен ағылшын тіліндегі мәтін украиналық авторларға тиесілі.

Айта кетейік, күні кеше жарыққа шыққан бейнебаянды 13 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген. Олардың басым дені Төлешованың жаңа жұмысын жоғары бағалап, табыс тілеуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз