Жаңалықтар тізбегі
0

БЖЗҚ сот арқылы 15 компаниямен соттасып, қарызын өндіріп алмақ

tolqyn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2018 15:02 tolqyn.kz
Қазіргі кезде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қарыз.

Елімізде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегін өтемей жүр, деп хабарлайды Zakon.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Серіктестестіктер қорға 40 млрд. теңгеге жуық қарыз. Бұл туралы БЖЗҚ-ның заңгерлері айтты. Қазір олар 15 компаниямен соттасып жатқандарын жеткізді. Соның ішінде әлеуметтік желілерде қызу талқысына түскен «Астана жылжымайтын мүлік» акционерлік қоғамы да бар. Құрылыс компаниясы зейнеткерлердің ортақ қорына 1 млрд. 700 млн. теңгені бермей келеді, дейді мамандар. Компания бұл қаражатты ертеде «Астана» және «Ұлар-Үміт» зейнетақы қорларынан алып, 2011 жылдан бері төлеуді доғарған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұраға қалған қомақты сомманы сот арқылы жеңіп алған. Енді онымен сот орындаушылары айналысуда деді.

Бұл компанияның қарызды өтеп тасауға жетерлік дүние-мүлкі жеткілікті. Олар қазір саудаға шығарылған. Бірақ сатып алушылар тарапынан қызығушылық жоқ. Сонымен тоқтап тұр. Қосшы елді мекені мен Бурабайда, сондай-ақ Алматыда жер учаскелері, пәтерлері, коттедж қалашықтарында зәулім үйлері бар. Осыларды сатып, қаржыны қайтаруға талпынып жатырмыз, - дейді «БЖЗҚ» АҚ Заң департаментінің директоры Назым Бақтыбаев.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2014 жылдан бері осындай әдіспен 17 млрд. теңгені өндіріп алыпты. Енді барлығы 20 кәсіпорыннан 37,5 млрд. теңге қайтатырлуы тиіс. Бұл шамамен БЗЖҚ портфеліндегі барлық қаражаттың 0.5 пайызына тең. Қазір қорда 8,9 трлн. теңге бар. Салымшылар үшін қандайда бір қауіп төніп тұрған жоқ,-дейді қор мамандары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: