Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Путин Нурмагомедовтің төбелес шығаруы туралы ойын білдіріп, ақыл айтты

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі чемпион кішкентай кезінде "бұзық болғанын, бірақ кейін өзгергенін" айтты.

Сурет : sputniknews.kz11 Қазан 2018, 10:49

Ресей президенті Владимир Путин жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесті. Кездесуде файтердің әкесі әрі бапкері Абдулманал Нурмагомедов те болған. Бұл туралы Ресей Федерациясы басшының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

"Жеңісіңмен құттықтаймын. Әкеңді осындай ұл өсіріп, мықты спортшы етіп тәрбиелегені үшін құттықтағым келеді", — деді Путин.

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі чемпион кішкентай кезінде "бұзық болғанын, бірақ кейін өзгергенін" айтты.

"Әлбетте, бұл – коммерциялық спорт, дегенмен спорттың аты спорт. Сондықтан мұнда да қағазға жазылған ғана емес, жалпы спорттық моральдық ережелердің сақталғаны жөн деп санаймын, — дейді Владимир Путин. — Ақшадан гөрі, жарнамадан гөрі спорттың шын идеалы басты орында болса деген үміттемін. Әрине, мұны бірінші кезекте қарсыласыңның командасына қатысты айтамын. Дұрыс қарым-қатынасқа, достықа, спорттық сыйластыққа жол таба білген жөн (…). Өз қарсыластарыңмен бәсекелес болсаң да, жақсы адами қарым-қатынас жасайтын боласың".

Сонымен қатар, Путин әкесінен Хабибті қатты жазаламауды сұрады, өйткені спортшы басты мақсатты орындады – тайталасқан жекпе-жекте жеңіске жетті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер