Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Былтыр Қазақстанда қатерлі ісіктен 15 мыңға жуық науқас көз жұмды

Қазақстанда 171 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан

Сурет : www.24.kz11 Қазан 2018, 11:19

Елімізде қатерлі ісік дерті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республика бойынша 171 мыңнан астам адам онкологиялық ауруларға шалдыққан. Өкінішке орай, былтыр қатерлі ісіктен 15 мыңға жуық науқас көз жұмды.

Астанадағы онкологиялық орталық мамандарының мәліметінше, бұл азаматтардың 48,3 пайызы – еңбек етуге қабілетті ел тұрғындары.

Бұдан бөлек, бұрын-соңды аты естіле бермейтін онкологиялық аурулардың түрлері кең етек жайып келеді. Нәзік жандылардың басым бөлігі сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады.

Одан кейін жатыр мойнының және жиек ішегінің қатерлі ісігі. Жатыр денесінің обыры 6 пайызды құраса, аналық бездің қатерлі ісігі – 5,3 пайыз.

Ал ер азаматтардың арасында өкпе қатерлі ісігі кең тараған. Асқазан қатерлі ісігі – 11,4 пайыз, қуық-алды безінің обыры 7,6 – пайыз. Сондай-ақ жиек және өңеш қатерлі ісігі жиі кездеседі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер