Қазақстандықтар шетелдік алаяқтарға алданып қалды

abctv.kz abctv.kz
Олар шетелге жұмыс визасын жасап беруге уәде етіп, құжаттарды даярлау мақсатында компанияның есептік шотын көрсетіп, өз қызметтері үшін алдын ала төлем жасауларын сұрайды.

Шетелге жұмыс визасын жасап беруге уәде ететін алаяқтар пайда болды, деп abctv.kz, БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаман пиғылды адамдар өз хабарламаларында еліміздің азаматтарына жоғарғы жалақысы бар және жеке авто көлік ұсынатын, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ететін тиімді жұмыс ұсына отырып, Ұлыбритания еліне жұмыс визасын жасауға көмектесетіндіктерін айтып алдап отыр. Ал, құжаттарды даярлау мақсатында компанияның есептік шотын көрсетіп, өз қызметтері үшін алдын ала төлем жасауларын сұрайды. Қаржаттар шоттарына түскен сәттен бастап, компания ешбір байланысқа шықпайды. Өкінішке орай, Қазақстан республикасының азаматтары арасында да осы алаяқтардың алдауына түскендер бар», - делінген хабарламада.

Білім және ғылым министрлігі халықты әлеуеттік желі, оның ішінде LinkedIn желісі арқылы алдайтын алаяқтарға алданып қалмау үшін, мұқият болуды ескертеді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз