Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Грузияда полиэтилен қаптарын қолдануға тыйым салынбақ

Қалыңдығы 15 микроннан жұқа қаптарды қолдануға тыйым салынады.

Сурет : inform.kz12 Қазан 2018, 10:39

Грузия билігі қоршаған ортаның ластануын азайту мақсатында полиэтилен қаптарынан бас тартты, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңа заң бойынша бірінші кезекте қалыңдығы 15 микроннан жұқа қаптарды қолдануға тыйым салынады. Осы талапқа байланысты полиэтилен өндірушілері жұмысын қалай өзгертпек?

Бұл полиэтилен – қаптарын шығаратын ең ірі цехтың бірі. Осыдан бір апта бұрын қалыңдығы 15 микронға дейінгі целлофанды шығаратын өндіріс орнының жұмысы тоқтатылды. Бірақ компания өкілдері бұл жөнінде тіс жармай отыр. Өйткені бизнес орасан шығынға батқан. Енді кәсіпті қайта жолға қою оңай соқпасы анық.

Жаңа стандартқа сай тауар шығару үшін басқа құрал-жабдықтар қажет. Сондай-ақ өндірушілер енді әр қапқа материал құрамы мен зауыт туралы ақпарат басып шығаруға міндеттелген. Кәсіпкерлерге техникалық тұрғыдан бұл да қиын болып тұр.

Дүкендерге 15 микронға дейінгі полиэтилен қаптарын сатуға тыйым салынды. Заңға құлақ аспағандар 200 доллар көлемінде айыппұл төлейді.

- Қоймамыз 15 микронға дейінгі полиэтилен қаптарына толып тұр. Айдың соңына дейін сатуға мүмкіндік береміз деп уәде еткен, бірақ осы мерзім өтпей бірнеше сатушыға айыппұл салғаны белгілі болды. Енді бәрін қоқысқа тастауға тура келеді. Бірнеше мың долларға шығындалдық. Дүкенге жаңа стандартқа сай қаптарды әкелдік, бірақ оларға сұраныс аз. Тұтынушылардың айтуынша, екі есе қымбат болғанымен, сапасы төмен, - деді полиэтилен бұйымдар дүкенінің иесі Мариам Басария.

Еуропалық елдермен салыстырғанда, Грузияда полиэтилен қаптарын едәуір көп қолданады. Шамамен жылына бір адам 525 қап пайдаланады. Ал Еуроодақта бұл көрсеткіш үш есе төмен. Мәселен, Данияда жылына әрбір тұрғын небары 4 қап қолданады.

- Көптеген халықаралық зерттеулер пластик зиянын растаған. Оны мәңгі қоқыс деп те атайды. Бұл заттар жүздеген жылдар бойы ыдырамай, қоршаған ортаны ластайды. Біз өндірушілермен және импортерлермен келіссөз жүргіздік. Көбісі осы өзгерістерге түсіністікпен қарады. Мақсатымыз – полиэтилен қаптарын биологиялық жолмен ыдырайтын қаптарға ауыстыру, - дейді қалдықтар мен химиялық заттарды басқару департаментінің басшысы Алверд Чанкселиани.

Экологиялық таза қаптар негізінен бидай және жүгері талшықтарынан жасалады. Олардың толық ыдырау мерзімі – 3 ай. Бірақ бағасы да бірнеше есе қымбат. Қоршаған орта министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, болашақта пластик ыдыстардың көзін құрту жоспарда бар. Пластиктен жасалған бұйымдарды экологиялық таза шикізаттан жасалған өнімдермен ауыстыру көзделіп отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер