Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бағым Мұхитденованың күйеуі мен Мөлдірді не байланыстырады: Продюсер жауап берді

Қос тарап әлі күнге дейін араласпайды.

Сурет : Stan.kz15 Қазан 2018, 10:40

Мөлдір Әуелбекова бір кездері Баян Алагөзованың қарамағындағы ең танымал әрі табысты әншілердің бірі еді. Мөлдір КешYou тобында 7 жылға жуық уақыт ән салып, жеке шығармашылықпен де айналысты. Мейрамбек Бесбаевпен бірге киноға түсіп, актриса да атанды. Алайда Әуелбекова продюсерінен кетерде үлкен дау туды, деп жазады Stan.kz.

Қос тарап әлі күнге дейін араласпайды. Әсіресе, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың Әуелбековаға деген өкпесі қара қазандай. Бір сұхбатында Бағым Мөлдірмен бір алаңда жұмыс істегісі келмейтінін, тіпті ол қатысатын түсірілім не концерттерден бас тартатынын айтқан болатын.

Алайда Мұхитденованың күйеуі, продюсер Әділжан Юсупов Мөлдірге деген көзқарасының бірқалыпты екенін айтады. Ол бір кездері қайын әпкесі Баянның продюсерлік орталығында жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мөлдір Әуелбекованың гастрөлдік директоры болған екен. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтың “Если честно” бағдарламасында айтты.

“Мен ешқашан Мөлдірдің продюсері болған емеспін, тек қана гастрөлдік директоры болдым. Мен продакшннан кеткен кезде, Мөлдір менімен 7 жыл жұмыс істеген еді. Ол менің қандай адам екенімді біледі. Егер де ол әрі қарай да продакшнда қалса, демек ертеңгі күніне деген сенімділікті жоғалтқан. Өйткені гастрөлде бәрі басқаша, ол өзін ыңғайлы сезінетін. Ақырында біз оны жеке әнші ретінде шығаратын болдық. Мен онымен бірнеше жыл бірге істедім. Уақыт өте келе мен Мөлдір тәуелсіз болуы үшін мансабын басынан бастауы керектігін түсіндім”, – дейді Әділжан Юсупов.

Продюсер жұбайымен салыстырғанда Мөлдірге деген көзқарасының бірқалыпты екенін айтты. Ал “Әуелбекова бармайтын жерге мен де аяқ баспаймын” деген ұстанымның Юсуповқа қатысы жоқ екен.

“Екеуі қайда жүрсе, онда жүрсін. Мен онсыз да ешқайда бармаймын. Мөлдірмен кездеспейтінімді білемін, сондықтан ол туралы ойланбаймын да”, – дейді ол.

Әділжан Юсупов ел арасында тараған қауесетке қатысты жауап беруден бас тартты.

“Әрі қарай кеттік. Маған онымен жұмыс істеген ұнайтын. Бары осы”, – деп сұрақтан қашты ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер