Түсірілімде жүрген Айдана Меденованы кран қағып кетті

sn.kz sn.kz
Әнші сондай-ақ түсірілім алаңында қолын да ауыртып алыпты.

«КешYou» тобының бұрынғы солисі Айдана Меденованы түсірілім кезінде кран қағып кетті. Осынау сәттегі видеосын ол Instаgram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған деп жазады sn.kz.

Сырттай нәзік те сұлу, инабатты да ибалы көрінетін Меденованың ролі мұнда өз табиғатына кереғар. Себебі, видеода әнші еркекшора қыздар секілді ер адамды қорқытып жатады. Жұлынып, қолаң шашын оңды-солды лақтырып тұрған оны кенет камера краны қағып кетеді. Абырой болғанда, Меденова бұрылып, соққы қатты тимейді.

Әнші сондай-ақ түсірілім алаңында қолын да ауыртып алыпты.

«Түсірілім кезінде менің қолымнан басқа ешкім зардам шеккен жоқ. 10-дубльде қолым ісіп кетті. Түсірілімнен бас тарттым», - деп жазды Меденова.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз