Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 600-ден астам спорт ғимараты жұмыс істейді

Елорда әкімдігінің ресми сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2018 23:56 Елорда әкімдігінің ресми сайты
Қалада 671 спорт ғимараты жұмыс істеп тұр, оның ішінде 102 объекті дене-спорт жаттығулары, 86 футбол алаңы, 53 волейбол алаңы.

Астанада саламатты өмір салтына үлкен көңіл бөлінуде. Қалада балалар мен үлкендерге арналған 670-тен астам спорт ғимараты жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Алау» Мұз сарайында тренажер мен жаппай сырғанау залында студенттерге, оқушыларға, зейнеткерлер мен І топтағы мүгедектерге 50 % жеңілдік ұсынылады. Ал 7 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы отбасыдан шыққан, балалар үйінің кәмелет жасына жетпеген және ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге келу тегін.

Айта кетейік, сарайдың базасындағы спорттық секцияларға күн сайын 515-тен аса спортшы келеді, «Алау» фитнес орталығына – 50 адам. Жалпы, қаңтардан қыркүйекке дейін осы жылы Мұз сарайына 61 693 адам келді, оның 9215 – тегін. Бұдан басқа, «Тарлан» мұз аренасына және Паралимпиадалық жаттықтыру орталығына да спортпен айналысу үшін баруға болады.

Айта кетейік, Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы барлық жағдайы жасалған әлемдік стандарттарға сәйкес, атлет-паралимпияшыларға арналған бірден бір орталық. Қ. Мұңайтпасов стадионында кешкі уақытта тегін жүгіруге болады, ол жердегі жүгіру жолы барлық келушілерге ақысыз ұсынылады. Тегін жаттығу қаладағы 10 шақты балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде де жүргізіледі, онда спорттың 50 түрі бар. Бүгінде мектепке келушілердің контингентін 7416 адам құрайды (олимпиадалық спорт түрі бойынша – 6586, олимпиадалық емес спорт түрінен – 830).

«Дәулет» спорт комбинатында 5-тен 14 жасқа дейінгі 720 бала айналысады, оның ішінде 245 бала ақысыз түрде, 475-і ақылы түрде спортпен айналысады. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыдан шыққан немесе аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар 50 % жеңілдік алуына болады.

Шахматпен, дойбымен, тоғызқұмалақпен және спорттың жауынгерлік түрімен айналысу үшін «Нұрал» балалар спорт мектебін дамыту орталығына баруға болады.

Ал күн жылы кезде ешқандай да шығынданбастан «Байқоңыр» мен «Алматы» аудандарындағы 4 стритворкаут алаңына барып жаттығуға болады.

Айта кетейік, қалада 671 спорт ғимараты жұмыс істеп тұр, оның ішінде 102 объекті дене-спорт жаттығулары, 86 футбол алаңы, 53 волейбол алаңы, 11 хоккей корты, 14 теннис корты, 3 ойын алаңы, 38 жүгіру жолы, 13 тир және т. б.

Бұдан басқа, қазіргі таңда 20 жаңа спорт алаңының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: