Нұрлан Нығматулин: Жастардың рөлін арттыруға жаңа серпін беріледі

www.inform.kz www.inform.kz
Мəжіліс төрағасы Елбасы биылғы Жолдауында жастарға ерекше мəн бергенін жəне Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағанын еске салып өтті.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Инвестиция - жастарға. Ешкімді тыс қалдырмайық» халықаралық конференциясында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жастарды қолдау шараларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін елордада өтіп жатқан шарада Н. Нығматулин жастар мәселесінің маңыздылығына тоқталды.

«Әрине, әрбір мемлекетте, əрбір қоғамда жастардың орны ерекше. Себебі қоғамның, халықтың, ұлттың болашағын айқындайтын - ол біздің жастар. Сондықтан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап жастар мəселесіне үлкен көңіл бөліп келеді. Барлық жағдай жасалып жатыр. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін Парламентте атқарылып жұмыстар да аз емес. Мысалы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жəне «Волонтерлік қызмет туралы» заңдар қабылданды. Елімізде Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасы да бар. Биылғы Елбасының Жолдауында да осы мәселеге ерекше назар аударылды», - деді.

Мəжіліс төрағасы Елбасы биылғы Жолдауында жастарға ерекше мəн бергенін жəне Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағанын еске салып өтті.

«Сонымен бірге, жастар саясатына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Олардың барлығы жастардың рөлін арттыруға, өмір сапасын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бүгінде Қазақстанда 4 миллионға жуық жас азамат бар. Олар халықтың белсенді бөлігі болуымен қатар, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды факторы болып отыр. Сондықтан жастардың əлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың табысты дамуына жағдай жасау əрқашан мемлекет назарында», - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, екі күнге жалғасатын халықаралық конференция барысында жастарды қолдауға арналған ұсыныстар әзірленеді.

Шараға 35 елден жүзден астам шетелдік мейман қатысуда. Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, сарапшылар мен жастар ұйымдарының өкілдері атсалысып жатыр.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз