Павлодар облысында киіктердің саны 2000-ға жеткен

Рavlodarnews.kz  Рavlodarnews.kz 
Спикердің айтуынша, 2017 жылдан бастап Баянауыл аумағында жұмыс істейтін «Охотзоопром» мекемесі тірек пунктінің қызметкерлері облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы,

Өңірде мекендейтін киіктер мен арқарлар санының артуы байқалуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қазбек Әметов мәлім етті.

- 2016 жылы ақбөкендер 10-15 бас қана кездескен болса, қазіргі таңда олардың саны 2000 басқа дейін жеткен, - дейді Қазбек Әметов.

- Сонымен қатар арқарлардың саны 2,1 пайызға өсіп, 700 басты құрап отыр. Биыл қыркүйек айында облыстық аумақтық инспекция зоология институты, «Охотзоопром» мекемесімен бірге Павлодар облысының резервтік қорындағы арқарларды есепке алу бойынша жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде 204 бас арқар тізімге алынды. Бұл Ертіс өңірінде жануарлар үшін жем-шөп қорының молдығы мен алаңсыз орта қалыптасқандығын көрсетеді.

Спикердің айтуынша, 2017 жылдан бастап Баянауыл аумағында жұмыс істейтін «Охотзоопром» мекемесі тірек пунктінің қызметкерлері облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы,

Баянауыл ұлттық паркінің мемлекеттік қызметкерлерімен бірге Май ауданында киіктер мен арқарларды күзетеді. Сондықтан бұл жануарлардың көбеюіне табиғатты қорғау ұйымдарының бірлескен жұмысы оң әсерін тигізген болу керек.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз