Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада әскери қызметкер көшеде бүтін бір отбасын сабап, көлігін айдап әкетпекші болды

Еуразия бірінші арнасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2018 18:41 Еуразия бірінші арнасы
Көлікті от алдырған күйі күдікті бір адамның екі аяғын бірдей басып өтіп, жолдың арғы бетіне қарай бағыт алады.

Астанада алкоголді ішімдікке сылқия тойып алған әскери қызметкер тұтас бір отбасын ұрып-соғып, көлігін айдап әкетпекші болған. Бұл сұмдықты көрген тұрғындар бей-жай қарамай, тәртіп бұзушыны жабылып жүріп, әрең ұстапты. Зардап шегуші тарап қылмыскер жазадан оңай құтылып кете ме деп қорқады. Бұл туралы stan.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі күні Астананың орталық ауданында әскери қызметкер мас күйінде көшенің бойында тұрған көлікті айдап әкетпекші болған. Ол Өскенбаевтар отбасына тиесілі көліктің рөліне отырып, отанасын машинамен сүйреп әкеткен.

«Анам : «Шық көліктен», – деп еді, “ей өлтіремін” деп боқтап, бетінен бір-ақ ұрды. Содан кейін мені, әкемді және анамды көлікпен сүйреп әкетті. Аяғымды жарақаттады. Абырой болғанда, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігі тоқтап үлгерді. Әйтпесе бізді таптап өтер еді», – дейді зардап шегуші Диана.

Көлікті от алдырған күйі күдікті бір адамның екі аяғын бірдей басып өтіп, жолдың арғы бетіне қарай бағыт алады. Бұл жерде тұрған темір бағананы соғып, ағашты қағып құлатады.

«Бұл жерде тек біреудің көлігін айдап әкету ғана емес. Қосымша менің отбасымды ұрып-соқты және жол көлік оқиғасына себепкер болды. Яғни тағы екі бап бойынша іс қаралу керек. Алматы аудандық ішкі істер басқармасы бізден арыз алудан бас тартты. «Ол әскери қызметкер, оны тергей алмаймыз», – деді. Енді әскери адам болса, адамдарды ұрып, көлігін тартып алуға рұқсат бар деп қайда жазылған?» – дейді зардап шегуші Әуез Қабдуғалиев.

Тәртіп бұзушы көлікті тоқтатып, өзінің іс-әрекетіне баға бермеген. Әрі қарай жүріп, аялдамаға жоғары жылдамдықпен соғылады да, әрі қарай көлікті тастап, қаша жөнеледі. Бірақ 10 шақты адам жүріп, оны ұстап үлгерген.

Қамауға алынғанынан кейін 24 сағат өтпестен полицейлер тәртіп бұзушыны босатып жіберіпті. Ол көп ұзамай, қылмыс орнына қайта оралып, зардап шеккен отбасына ақша ұсынған. Сол арқылы істі жауып тастамақ болыпты.

«Сізден қорқамыз. Бізге келуге, бізді іздеуге қандай құқығыңыз бар? Кім сізді шығарды? Сізді жауып қойды деді ғой. Кеше сен қастандық істедің, бүгін еркін жүрсің? Қалай сіз бізге келдіңіз?» – дедім. Сонан кейін бастығы айтады: «Тұра тұрыңыз, сөйлесейік», – деп. Сөйлестік. Ол кісі маған көлігімді жөндеп беруді ұсынып, 1 милилон теңге беретінін айтты. Мен ештеңе керек емес екенін айттым», – дейді зардап шегуші Ошақбай.

Аталған істі әскери тергеу басқармасы ҚК 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қарастырып жатқан көрінеді. Аталған баптың жауапкершілігі 1000 айлық есептік көрсеткіш (2 млн 405 мың теңге) көлемінде айыппұл салумен ғана шектелуі мүмкін.

«Астана қаласында 20-шы қазан күні қарулы күштер офицері, лексус автокөлігін заңсыз айдап кеткен. Алкогольді ішімдік ішкен күдікті аялдамаға барып түйіскен. Жол көлік оқиғасынан зардап шегушілер жоқ. Автокөлік – иесіне техникалық ақаумен қайтарылды», – дейді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Зардап шеккендердің барлығы қазір емханаға барып, қажетті ем-дом қабылдап жүр. Алған жарақаты мен оның дәрежесі көрсетілген медициналық анықтама да қолдарында. Олар құзырлы органдардан 2 адамды жарақаттап, тағы біреуін өлтіре жаздаған әскери қызметкердің ісін қатаң бақылауға алуды сұрап отыр. Олай болмаған жағдайда капитан оп-оңай жауапкершіліктен құтылып, іс жабылып қала ма деп алаңдайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: