Тараз темір жол вокзалында «Көне Тараз» стелласы ашылды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай.

Тараз қаласы күні мерекесіне орай «Темір жол вокзалы аллеясында» салтанатты түрде ашылды.

Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Алғашында Талас, Тараз деп аталған бұл шаһар 1856 жылы Әулиеата болып өзгертілген. 1938 жылы қалаға қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қалаға өзінің тарихи аты «Тараз» қайтарылды.

Қалаға кіретін бас қақпасының бірі – темір жол вокзалының аумағын ретке келтіру мақсатында, алдындағы скверді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін бұл аумақта қалаға келген қонақтарға ежелгі Тараз өңірінен сыр шертетін көрініс болмаған.

Осыған байланысты, скверде «Көне Тараз» стеласы қойылып, айналасы абаттандырылды. Стеллаға Тараз қаласының бұрынғы төрт атауы (Тараз, Әулие-Ата, Жамбыл, Талас), тарихи кезеңдерді бейнелейтін (қобыз, домбыра, дәуіт, балбал тас) ұлттық құндылықтар орнатылды.

Скверде 940 шм жолаяқ төсеніші жасалып, 4 000 шм жерге асфальт төсеніші салынды. 20 дана жарық шамдары, 8 дана орындық, 8 қоқыс жәшіктері қойылып, 2 700 шм алаңға суғару жүйесі орнатылды.

Эскиздік жобасы биыл жаңадан құрылған «Сәулеттік бюро» мекемесінің жас архитекторлары тарапынан әзірленді. Жоба бойынша, Сквердің абаттандырылған аумағы – 1 га. Аталған жоба «Айя сервис» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен (30,0 млн. теңге) Тараз қаласы тұрғындарына «Туған жерге тағзым» жобасы аясында тарту етілді.

Стелланы ашып, лентасын қию құрметі Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сембек Сейдазимов және темір жол саласының ардагері Сағымбек Ақшаловқа бұйырды.

Салыстырмалы түрде 2000 жылдардан бері алатын болсақ, Тараз қаласының тұрғындарының саны сол уақытта 300 мың адам болса, бүгінде 400 мыңға жуықтайды. Сол кезде 6 миллиард теңгені құраған бюджет бүгінде 54 миллиард теңгеден асады. Кезінде жалпы саны 3 мың кәсіпорын болса, бүгінде 7 мыңнан асып отыр. Ал өнеркәсіп орындары шығарып жатқан өнім көлемі 10 есеге дейін артты. Жалпы қала жыл санап дамып келеді. Оған тұрғындардың өздері куә.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз