«Абу-Даби Плазаның» бас мердігеріне айыппұл салынды

elorda.infо elorda.infо
«Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясы 300 АЕК (721 500 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзуға жол бергені үшін «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанының бас мердігері – «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясы 300 АЕК (721 500 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есіл» ауданы полиция басқармасының ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аумақты тексеру барысында «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданындағы саяжай массивінің аумағында «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанынан шығарылған құрылыс қоқыстарын тастаған «КАМАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1989 ж.т. К. есімді азаматты ұстады» делінген хабарламада.

1989 ж.т. К. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабын «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу...» бұзғаны үшін 20 АЕК көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабын «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу...» бұзғаны үшін 236 құрылыс ұйымы 16 млн. теңгеден астам сомманы құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз